Кейінгі кезде балалардың арасында "Жүгір немесе өл" ("Беги или умри") деген қауіпті ойын белең алып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Осыған ұқсас жағдайды атыраулық жүргізушілер да байқаған. Балалар жолда келе жатқан көліктердің астына түсіп, оны видеоға түсіреді.
Алғаш рет бұл қауіпті ойынды ақтаулықтар аңғарған. Бұл ойыннан әзірге ешкім жапа шекпеген.
Жақында атыраулық тұрғындар да бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, сақ болуға шақырған еді.
"Жүргізушілер, жол жиегінен жасөспірім көрсеңіз, сақ болыңыздар. Жаңа ғана бір бала екіншісін жүріп келе жатқан көлікке қарай итеріп жіберді. Олардың ойындары түсініксіз", - деп жазды тұрғындардың бірі.
Алайда жергілікті полицейлер мұндай жағдай өңірде тіркелмегенін айтады.
Еске салайық, бұған дейін мұндай адамшошырлық ойынға қатысты оқиға Риддерде болғаны хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз