"Жүгір немесе өл". Балалар арасындағы қауіпті ойын туралы ақпарат тарады

"Жүгір немесе өл". Балалар арасындағы қауіпті ойын туралы ақпарат тарады
Фото: видео кадры

Балалар арасындағы қауіпті ойын туралы ақпарат тарады. Болжам бойынша, ойын - "Жүгір немесе өл" деп аталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстандық интернет-пабликтерде соңы өлімге себеп болатын қауіпті ойын туралы ақпараттар тарай бастады. 

Сондай оқиғалардың бірі Риддерде болған. Жергілікті пабликте видео тарады. 

"Гемма дүкені, сағат 13.30 шамасында біреулердің балалары ойнап жүр. "Жүгір немесе өл" деген ойынды естіп алған. Сұрғылт-жасыл күртешедегі бала көшеде қашып, жүгіріп өтеді. Жүргізуші тоқтап үлгерді. Баланың қасындағы достары оны көріп, күліп тұр. Мына балаларды жазалау керек секілді", - деді аноним хат жолдаған адам. 

БАҚ мәліметінше, мұндай ойындар Ресей, Беларусь, Украинада да болған. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина