- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жигули Дайрабаев президенттікке...
Жигули Дайрабаев президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келеді - ОСК
Орталық сайлау комиссиясы "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевтың президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптарға сай келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Молдахалықұлы Дайрабаевтың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екені анықталсын", - делінген хабарламада.
30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылған болатын.
Ал кеше Дайрабаев қазақ тілінен емтихан тапсырғаны хабарланған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Төлеш