Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясының атынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды
Фото: facebook.com

Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясының кезектен тыс XX съезі өтті. Жиналыста партия мүшелері Жигули Дайрабаевтың алдағы президенттік сайлауға кандидат ретінде кандидатурасын қолдады.

Жигули Дайрабаев - "Атамекен" ҰКП Төралқасы агроөнеркәсіптік кешен комитетінің төрағасы және Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы.

"Құрметті партияластарым, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын. Бар күшімді Қазақстанның және агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына саламын", - деді Дайрабаев. 

Еске салайық, Қазақстанда кезектен тыс сайлау биыл 20 қазанда өтеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина