Жетісу облысында жоғалып кеткен блогер, саяхатшыны іздеу сәтті аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ТЖД мәліметінше, 6 маусымда сағат 15:00 шамасында 1986 жылы туған ер адам Ескелді ауданының тауларында орналасқан Бұрқан бұлақ сарқырамасына қарай велосипедпен шығып, қайта оралмаған.
Ол - алматылық саяхатшы әрі TikTok әлеуметтік желісінде блогын жүргізеді.
"Құтқарушылар оны сағат 12:00-де Бұрқан бұлақ сарқырамасынан 12 шақырым қашықта тауып алды. Іздеу жұмыстарын жүргізуге ТЖМ 12 қызметкері мен 4 техникасы, кинологиялық есептобы жұмылдырылды. Қазір олар қалаға қарай бара жатыр", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысының тауларында танымал блогер жоғалып кеткені хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!