Жетібайдағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты

Жетібайдағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты
Фото: видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылындағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша алдағы жұмыстарды жалғастырады", - деп хабарлады әкімдік. 

 

Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылының жұмыссыз тұрғындары аштық жариялап, мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап етті.

Еске салайық, бұған дейін Ақмола облысы Бестөбе кентінде мыңнан астам жұмыссыз қалған адам ереуілдетіп жатқанын жазған едік.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан