Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам Нұрболат Дәкебаевқа іздеу жарияланды. Қаладағы барлық сауда нысандарында ер адамның суреттері ілінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриот" телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Полицейлер ер адамның суретін жариялап, екінші категория бойынша іздеу салған.
Яғни ол аса қауіпті қылмыскер емес, алайда оны ұстау өңірлік полиция департаменті мен ІІМ ерекше бақылауында. Себебі оның әрекеті қоғамда резонанс тудырды.
Қарағанды полиция бөлімінің қызметкерлері Нұрболат Дәкебаев жайлы ақпарат білетіндер болса 102 немесе 8 (7212) 40 79 19 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.
Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жедел жәрдем қызметкерін балағаттап, соққыға жыққан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын. Видео телеграм арналардың бірінде тараған болатын. Роликте ер адам жедел жәрдем жүргізушісін балағаттап, артынша соққыға жыққанын көруге болады.
Артынша соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!