Жасыл бананды қант диабетімен ауыратын адамдарға тұтынуға болады, ал қарайған банандарда қанттың мөлшері көп. Бұл туралы гастроэтеролог Нұрия Дианова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "m24.ru" сілтеме жасап.
Маманның сөзінше, банан калориялы жеміс болғанына қарамастан, оның құрамында крахмал мен талшық бар. Сондықтан, қарайған бананды қанттың кез келгенімен бірге жеген кезде, ұзақ уақыт бойы тоқ жүресіз.
"Ал жасыл, толық піспеген банандар баяу сіңіп, қорытылады, сондықтан глюкоза деңгейінің біркелкі өсуіне мүмкіндік береді. Негізі қабығы жасыл жемістерде екінші типтегі төзімді крахмал көп, ол сондай-ақ кейде сары жемістерде де кездеседі. Қарайған банандардың құрамындағы таза қант", - деді Нұрия Дианова.
Төзімді крахмал ағзаға түскенде ұйқы безінің ферменттерімен қорытылмай, одан әрі ішекке өтеді, онда ол бактериялардың көбеюіне ықпал етеді. Нәтижесінде қандағы қант деңгейі қатты "секірмейді".
Осыған байланысты, Нұрия Дианова жасыл және сары бананды тұтынуға болатынын айтып, араластырып жеуге болатынын да еске салды. Ал қарайған немесе қабығында қара дағы бар банандарды мейлінше тұтынбаған абзал, өйткені оның құрамында қант көп.
Айта кетейік, бұған дейін күнде банан жесе не болатыны хабарланған болатын.
Күнде банан жеудің артықшылықтары:
Ағзаны қоректік заттармен байытады. Бананның құрамында С және В6 дәрумендері, калий, магний және жасұнық бар. Мысалы, калий жүрек және жүйке жүйесі саулығы үшін қажет.
Энергия сыйлайды. Бананның құрамында ағзаға энергия беретін көмірсулар бар. Оның құрамында сондай-ақ серотонин деңгейін арттыратын триптофан аминқышқылы бар. Сондықтан ол көңіл күйді жақсартуға көмектеседі.
Асқазан жүмысын жақсартады. Банандағы жасұнық асқорытуды реттеуге және ішқатудың алдын алуға көмектеседі.
Тағы да оқи отырыңыздар: 22 наурызға арналған тақпақтар
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!