Күнде банан жесе не болады?

Күнде банан жесе не болады?
Фото: pixabay.com

Банан – дәмді жеміс қана емес, сондай-ақ қоректік заттардың көзі. Ол калийге, дәрумендерге және жасұнықтарға бай. Бірақ кез келген өнім секілді бананды да көп жеудің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Егер күнде банан жесе не болады?

Күнде банан жеудің артықшылықтары:

Ағзаны қоректік заттармен байытады. Бананның құрамында С және В6 дәрумендері, калий, магний және жасұнық бар. Мысалы, калий жүрек және жүйке жүйесі саулығы үшін қажет.

Энергия сыйлайды. Бананның құрамында ағзаға энергия беретін көмірсулар бар. Оның құрамында сондай-ақ серотонин деңгейін арттыратын триптофан аминқышқылы бар. Сондықтан ол көңіл күйді жақсартуға көмектеседі.

Асқазан жүмысын жақсартады. Банандағы жасұнық асқорытуды реттеуге және ішқатудың алдын алуға көмектеседі.

pixabay.com

Алайда бананға да қарсыкөрсетілім бар.

Мына жағдайларда бананды күнде және көп жеуге болмайды:

  • Қант диабеті. Әсіресе піскен бананда сахароза мен глюкоза көп. Оны қандағы қант деңгейін бақылап жүруге мәжбүр адамдарға, мысалы, қант диабетімен қиналатындарға көп жеуге болмайды.
  • Семіздік. Құрамындағы көп мөлшердегі қант үшін бұл жемістің калориясы жоғары. Егер емдік диета ұстап жүрген болсаңыз, осыны ескеру қажет.
  • Варикоз. Банан несеп айдағыш әсерге ие. Жоғары зәр бөліну қанның қоюлануына әкелуі мүмкін, ол өз кезегінде тромбоз қаупін арттырады.
  • Аллергия. Кей адамдардың бананға аллергиясы болуы мүмкін.

Күнде банан жеуге бола ма?

Денсаулығында проблема жоқ адамдардың өзіне бананды бақылаусыз жей беруге болмайды. Себебі оның құрамында крахмал мен фруктоза көп. Метаболизмі жақсы және дене пішіні арықтау келген сау адамдарға бананды күнде жеуге болады. Бірақ олар да күніне екі бананнан артық жемегені дұрыс. Ал артық салмағы бар немесе денсаулығында проблемасы бар адамдарға бананды жиі жеу зиян келтіруі мүмкін. Орташа есеппен, бананды аптасына екі-үш рет жеу жеткілікті.

Күнде бір сарымсақтан жесеңіз не болады?

А. Жапатова