"Жас кезінде биші болған ғой". Тойда билеген апа Қазнетті тәнті етті

Тойда билеген апаның видеосы Қазнетті тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны әлеуметтік желіге Нұржігіт есімді асаба жариялаған.

"Апа бәрінен озды", - делінген видеода.

@asaba_nurzhigit Тойдағы би жарыс#rek ♬ оригинальный звук - Нуржігіт Курбанов

Кадрларда апа тойда биші қыздармен бірге қалыспай билеп жүргені көрінеді.

Желі қолданушылары оның өнеріне тәнті болған.

"Қыздардан мықты билейді екен", "Жас кезінде биші болған ғой", "Апа биші қыздардан жеңіл билейді", "Апаның аяқ алысы қандай үйлесімді", "Күшті билейді", - дейді олар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы марафонға қатысқан 86 жастағы әйелдің ерік-жігері көпті тәнті еткені хабарланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!