Алматыдағы марафонға қатысқан 86 жастағы әйелдің ерік-жігері көпті тәнті етті

Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде бір күн бұрын Алматыда өткен жарыстың видеосы тарады. Желі қолданушылары 86 жастағы қатысушының 10 шақырымды еңсеріп, мәреге дейін жеткеніне тәнті болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Күннің суығына қарамастан зейнеткер жарысқа қатысуға бел буған. Кадрларда оның жылдамдығын бәсеңдетпей, мәре сызығына қарай жүріп бара жатқанын көруге болады. Оны мотивациялық плакаттар ұстаған көрермендер мен еріктілер қолдаған.

@katerina_kang Cuty Run. Almaty 2023 Мавлютова Дуза Мирзояновна. 86 years?? @Алматы марафон. Беги с нами! ♬ Unstoppable (I put my armor on, show you how strong I am) - Sia

Видеоның астында әлеуметтік желі қолданушылары егде жастағы әйелдің ерік-жігеріне тәнті болып, "Қандай күшті апашка", "Браво", "Батыл әжеге жүруге ыңғайлы кроссовка керек", "Тәп-тәтті, тьфу-тьфу" деп пікір жазып жатыр.

Видеоны алматылық Катерина Кан түсірген. Оның айтуынша, кадрлар бір күн бұрынғы City Run 2023 жарысында түсірілген.

City Run 2023 баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеодағы қатысушының есімі Дуза Мавлютова және ол 86 жаста. Дуза Мавлютова жарыстың ең қарт қатысушысы екені белгілі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ол үнемі марафондарға қатысып, дәстүрлі түрде 10 шақырым қашықтықты таңдайды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан