- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жарық жылдамдығымен жұмыс...
Жарық жылдамдығымен жұмыс істейтін компьютерлер шығады
Юта университетінің (АҚШ) есептеу техникасы ғалымдары суперкомпьютер құрастыру саласында сүбелі нәтижеге қол жеткізді. Олар қазіргі компьютерлердің өңдеу жылдамдығын мың есе арттыру мүмкіндігіне ие болып отыр.
Дәстүрлі есептеу процессорларының базалық принципі электронды тасымалдау үшін физикалық өткізгіштерді пайдаланады. Ал америкалық инженерлер ультражұқа жарық форматын құрастырып, тасымалдау үшін адам шашынан 50 есе жіңішке болатын фотон жарықтарын қолдануды ұсынады. Ал мұндай фотондардың миллионы қарапайым компьютердің чипіне орныға алады.
Зерттеу жұмыстары жылдамдық туралы болған кезде жарық жылдамдығы (секундына 300 000 шақырым) ескерілері сөзсіз. Себебі әзірге ғаламда жарық жылдамдығынан асатын өлшем бірлігі жоқ.
«Тәжірибе жүзінде ақпарат берудің ең жылдам жолы - жарық. Дегенмен ақпаратты жеткізу үшін жарықты алдымен электрондарға айналдыру қажет. Себебі жіберілген мәлімет электрон есебінде түспесе, сіздің копьютеріңіз ақпаратты өңдей алмайды. Ал біз толық тасымалдау үдерісін жарық есебіне жүктемекпіз», - дейді компьютерлік инжиниринг саласының профессоры Раджех Менон.
Зерттеу жұмыстары Nature Phototronics ғылыми журналында жарияланды.
Ақпаратты электрондарға айналдыру үшін жарықты бөлшектеу әдісі қолданылады. Айта кетсек, Менон жетекшілік ететін ғалымдар тобы жарық атомдарының ішінен иондар мен электрондарды жекелейтін болады. Сосын тәуелсіз электрондар суперкомпьютерге келіп түсетін ақпаратты жылдам өңдеу үшін қолданылады. Бұл технология компьютерлермен қатар, смартфон және планшеттерде де қолданылмақ. Ал оның бейімделуіне жоспар бойынша, екі жылдың көлемі жұмсалады.
Ұқсас жазбалар:
Titan әлемдегі ең қуатты суперкомпьютер атанды
Watson суперкомпьютері онкологиялық ауруларға қарсы күреседі
Ж. Өрісбай