Жангелдин ауылында жоғалған тұтас бір отбасының өлімі: эксклюзив суреттер мен тың деректер шықты

Жангелдин ауылында жоғалған тұтас бір отбасының өлімі: эксклюзив суреттер мен тың деректер шықты
Фото: Tengrinews.kz

Былтыр Атырау облысы Жангелдин ауылында тұтас бір отбасы, яғни зейнет жасындағы ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Туыстары бұл туралы 2025 жылы желтоқсанның аяғында хабарлаған. Кейінірек ерлі-зайыптының сүйегі өз сарайынан табылды. Осы отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев күдікке ілінді. 18 мамырда оған қатысты сот процесі басталды. Tengrinews.kz мән-жайды анықтау үшін Атырау облысына барып қайтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марқұм дайындаған май әлі тоңазытқышта тұр 

Тергеу амалдарына байланысты марқұм Қарабалиндер отбасы тұрған үйге сот процесі басталғанға дейін кіруге шектеу қойылған болатын. Басылымға арада біраз уақыт өткенде қайғылы оқиға болған жерге барып, арнайы түсірілім жасаудың сәті түскен.

Бұл - Жангелдин ауылы, ол - Атыраудан 400 шақырымға жуық қашықта, иен даланың ортасында орналасқан шағын ауыл.

Вывеска на въезде в село Жангелдин© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Ауылда адам қарасы аз және өте тыныш. Бірақ дәл осы жерде бір жыл бұрын бүкіл елді дүр сілкіндірген қылмыс болды.

Село Жангелдин.© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

дом семьи Карабалиных, съёмка с дронаҚарабалиндер отбасының үйі. © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Қатты желден қоршаудың бір бөлігі құлап, аулаға сиырлар кіріп кететін болған.

После сильного ветра часть забора Карабалиных упала© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Аула мен үй қаңырап қалған.

Оставшийся без хозяев дом Карабалиных постепенно приходит в запустение© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Ал үйдің ішінде бәрі бәз баяғы қалпында. Тек қазір мұнда тіршілік нышаны жоқ.

Внутри дома Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Бұл - ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның бөлмесі.

Комната супругов Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Қабырғада Мақсот Қарабалиннің 60 жас мерейтойына жұбайы жағынан туыстары сыйға тартқан портрет ілулі тұр. Жанында оның той-томалаққа, құдалыққа және басқа да жиындарға киіп баратын костюмі.

Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әсила Мұқанғалиева костюмді көрсетіп жатыр. 

Сестра Максота Карабалина Асила Мукангалиева показывает его костюмМақсот Қарабалиннің қарындасы Әсила Мұқанғалиева. © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Оның айтуынша, бұл бөлмеде Қарабалиндер демалып, теледидар көретін болған.

"Бұл бөлме екеуінікі болатын. Жеңгем өте ұқыпты, таза адам еді. Бұл үй ешқашан шашылып жатпайтын, бір түйір шаң болмайтын. Ол бәрін өзі реттеп, үйді үнемі әктеп отыратын. Оған "әктей бергенді қойсаңшы" дейтінбіз, бірақ ол бәрібір тоқтамайтын. Айына екі рет бүкіл үйдің әгін жаңартатын. Соңында жиі әктемесін деп, ұлы Наурыз бүкіл үйге тұсқағаз жапсырып берді".

Асүйдегі тоңазытқышта Нәсіп Өтешқалиева дайындаған қолдың сары майы әлі күнге дейін сақтаулы тұр.

© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

"Жеңгем қаймақ жасап, май шайқап, бәрін ұқыпты жинап қоятын. Мынау - оның өз қолымен жасаған майы".

Асила Мукангалиева на кухне в доме Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Туыстарының айтуынша, Қарабалиндер ақ адал еңбегі, мал шаруашылығы және зейнетақысымен күнелткен қарапайым отбасы болған. 

Отбасының кіші қызы мен күйеу баласы туралы

Марқұмдардың туысы Әсила Мұқанғалиева Қарабалиндердің кіші қызы мен қылмыстық іс бойынша басты күдікті деп танылған Сұлтан Сәрсемәлиев қалай танысқанын айтып берді.

Ақбаян 11-сыныпты бітіріп, кейін Ақтөбеде "құқықтану" мамандығы бойынша бес жыл оқыған. Содан соң Атырау облысы Миялы ауылында жарты жылдай хатшы болып жұмыс істеген.

Оң жақта Ақбаян Мұқанғалиева, отбасының жеке мұрағатынан алынған сурет

Кейінірек ол Атырауға көшіп, жәрмеңкеге жұмысқа орналасады. Сол жерде Сұлтан Сәрсемәлиевпен танысып, 2016 жылы 20 мамырда оған тұрмысқа шыққан.

Туысының айтуынша, Ақбаян мен Сұлтанның үйлену тойы болмаған, жігіт жағы той жасамаған. Сәрсемәлиев қызды алып қашқан. Кейінірек оның туыстары Ақбаянның ата-анасына татуласу шайына келген.

Олардың бес баласы бар: үш қыз және екі ұл, қазір олардың жасы тоғыз бен бір жарым жас аралығында.

Олар қашан ажырасқан?

Мұндай мәлімет қылмыстық іс материалдарынан белгілі болды. 2022 жылы жазда Ақбаян Мұқанғалиева үш баласымен күйеуінен кетіп, төркініне барған. Мәліметке сүйенсек, оның анасы Нәсіп қызының Махамбет ауданында қайын жұртында қалуына қарсы болып, олардың Атырауға көшіп, бөлек тұруын талап еткен. Сәрсемәлиев ата-анасын қалдырмайтынын айтып, бұған келіспеген.

Осы келіспеушіліктер салдарынан ерлі-зайыпты арасында жанжал туындап, содан кейін Ақбаян некені бұзу туралы сотқа арыз түсірген.

2022 жылы 22 қарашада олар ресми түрде ажырасып, балалар анасымен қалған.

Ажырасқанына қарамастан, 2023 жылы қаңтарда Сәрсемәлиев Атыраудағы Ақбаян жалдап тұрған пәтерге көшіп барады. Кейінірек олар тұрғылықты жерін ауыстырған. 2024 жылы сәуірде Ақбаян бесінші баласына жүкті болады.

"Бір жағдайға, жанжалға байланысты олар ажырасқан болатын. Кейін қайта қосылды. Бәрі реттеліп, одан әрі жақсы өмір сүретін шығар деп ойладық. Бірақ бұл ұзаққа созылмады", - дейді туысы.

2024 жылы 10 тамызда олар төрт баласымен бірге Мұқанғалиеваның ата-анасына, яғни Жангелдин ауылына барады. Сол күні жүкті Ақбаянның денсаулығы сыр беріп, дәрігерлер оған пневмоторакс (өкпе мен кеуде қабырғасы арасындағы кеңістікке ауа немесе газ жиналуы - еск.) диагнозын қояды. Оған ота жасалған.

Ота ауыр өткен, Ақбаян 20 күндей комада жатқан. Осы кезде оның ата-анасы Сәрсемәлиевті қалаға, қыздарының жанына жібермей, балалармен бірге болуын талап еткен. Тергеу мәліметі бойынша бұл оның әйелінің туыстарына деген ренішіне себеп болған.

2024 жылы қыркүйекте ауруханадан шыққаннан кейін Ақбаянның жағдайы нашарлап, психикалық бұзылыс белгілері байқала бастаған. 18 желтоқсанда ол бесінші баласын дүниеге әкеледі.

Осыдан кейін Сәрсемәлиев әйелін балаларымен бірге Махамбет ауданындағы ата-анасына жібереді. Іс материалдары бойынша бұған оның балаларға күтім жасай алмауы себеп болған. Бұл жағдай Ақбаянның туыстарымен қайтадан келіспеушілікке әкеп соғып, араздық өрши түскен.

Кейінірек отбасы Атыраудағы жалдамалы үйге көшеді. Тергеу мәліметі бойынша Ақбаянның денсаулығына байланысты Сәрсемәлиев бала күтіміне үнемі үлгере алмай, оларды уақытша ата-анасына жіберіп отырған, бұл да екі жақ арасында келіспеушілікке себеп болған.

Ақбаянның жағдайы нашарлап бара жатқанын түсінген ол әйелін шетелге апаруды ұйғарады. 2025 жылы 28 ақпан мен 7 наурыз аралығында олар Ақбаянның ағасы Наурыз Мұқанғалиевпен бірге Ыстамбұлда болып, сол жақта ем алған. Алайда емнен оң нәтиже болмаған.

Тұтас бір отбасы бір пышақпен өлтірілген

Айыптау нұсқасы бойынша Сұлтан Сәрсемәлиев барлық эпизодта бір ғана ас үй пышағын қолданған. Іс материалдарына сәйкес кісі өлімі әртүрлі күндері болған.

Алдымен отбасының ұлы Наурыз Мұқанғалиев, одан кейін оның ата-анасы, ең соңында олардың қызы Мейрамгүл Қарабалина өлтірілген.

Фотографии из ориентировки на розыскІІМ

Қарт ерлі-зайыпты өлтірілген жердің көрінісі

Үйдің ауласында үлкен сарай орналасқан.

Хозяйственная постройка, где, по версии следствия, произошло убийство© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Туыстарының айтуынша, бұл сарайды Мақсот Қарабалин ұлы Наурыз Мұқанғалиевпен бірге өздері салған. Мұнда отбасы мүшелері үй шаруасымен айналысып, үлкен дастархан басында қонақ күтетін болған.

Семья Карабалиных вместе с родственниками в хозяйственной постройкеСуретті Tengrinews.kz редакциясына марқұмдардың туыстары ұсынған

Сарай екі бөлмеден тұрады. Бір бөлмеде газ плитасы, тоңазытқыш және үстел қойылған асүй орналасқан.

Первая комната в хозпостройке Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Туыстарының сөзінше, қарт ерлі-зайыпты дәл осы жерде ет мүшелеп, тамақ әзірлеген және басқа да тұрмыстық шаруалармен айналысқан.

Сарайда әлі күнге дейін отбасының заттары тұр: беті газетпен жабылған ыдыс-аяқтар, ұн салынған қаптар. 

Посуда в хозпостройке Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Екінші бөлмеде төсектер, сервант және үстелдер тұр.

Сервант в хозпостройке Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Вторая комната в хозпостройке Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Мұнда да әлі күнге дейін отбасы мүшелерінің жеке заттары, төсекжапқыштар, киімдер, ойыншықтар жатыр.

© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тіпті Мақсот Қарабалин мен оның қызы Мейрамгүлдің аяқ киімдері де тұр.

 © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Осы сарайдың ішінен Мақсот Қарабалин мен оның әйелі Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі табылды. Іс материалдары бойынша еденнің астында күдікті қазған тереңдігі шамамен 1,3 метр болатын шұңқыр бар.

Пол, застеленный линолеумом, под которым были обнаружены тела супругов Карабалиных© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тергеушінің айтуынша, алдымен Мақсот Қарабалиннің, содан кейін Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі табылған.

Обвиняемый вырыл яму под хозпостройкой Карабалиных, чтобы спрятать их тела© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Әпкесі мен інісі қай жерде өлтірілген?

Қарабалиндер отбасының мүшелері әртүрлі уақытта өлтірілген. Наурыз Мұқанғалиев бір жылдан аса уақыт бұрын, яғни 2025 жылы 14 мамырда Атырау түбіндегі Геолог шағынауданындағы жалдамалы үйде көз жұмған.

Сол жақта Наурыз Мұқанғалиев, оң жақта Мейрамгүл Қарабалина. Отбасының жеке мұрағатынан алынған сурет

Отбасы жалдап тұрған үй облыс орталығынан шамамен 20 минуттық жерде орналасқан. Мұнда Сәрсемалиев бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиевамен және балаларымен бірге тұрған.

Арендованный дом, где Сарсемалиев проживал с женой и детьми, съемка с дрона© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тергеу мәліметі бойынша сол күні Наурыз осы үйде болған, олардың арасында жанжал шығып, Сәрсемәлиев ас үй пышағын алып, қайын ағасының іш тұсына бірнеше рет соққы жасаған. Алған жарақаттарынан Наурыз оқиға орнында көз жұмған.

Кейін оның сүйегі осы үйдің ауласында қазылған шұңқырға көмілген.

Место, где было закопано тело Наурыза Мукангалиева© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Кейінірек осы жерге Наурыздың әпкесі Мейрамгүл Қарабалинаның сүйегі де жасырылған.

Место, где было закопано тело Мирамгуль Карабалиной© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Мейрамгүл жарты жыл өткен соң, яғни 2025 жылы 6 қарашада өлтірілген. Сол күні ол да сіңілісі мен күйеу баласының үйінде қонақта болған.

Дом, где жил Сарсемалиев с Акбаян© Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Атырау облысында жоғалған отбасының ісі

Еске салайық, 2025 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, отбасы қарашадан бері байланысқа шықпаған. Төртеуіне де жоғалып кеткен адамдар ретінде іздеу жарияланды:

  • 66 жастағы Мақсот Қарабалин;
  • 64 жастағы Нәсіп Өтешқалиева;
  • 35 жастағы қыздары Мейрамгүл Қарабалина;
  • 32 жастағы ұлдары Наурыз Мұқанғалиев.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталып, жедел тергеу тобы құрылды.

Атырау облысы ПД

6 қаңтарда ерлі-зайыпты сарайдың ішінен өлі табылды. 8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Осыдан кейін іс адам өлтіру дерегі бойынша қайта сараланып, марқұмдардың балаларын іздеу жұмыстары жалғасты. Кейін олар да өлі табылды.

Tengrinews.kz

Күдікті туралы

Қылмыс жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адамға, яғни осы отбасының бұрынғы күйеу баласына халықаралық іздеу жарияланды. Онымен бірге ерлі-зайыптының кіші қызына да халықаралық іздеу жарияланды. Бұрын ол күдіктімен некеде тұрған.

Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелді. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысы Полиция департаменті жүргізді.

qamqor.gov.kz

24 ақпанда ҚР ІІМ Атырау облысындағы қос кісі өлтіру ісі бойынша күдіктіні және марқұмдардың кіші қызын Индонезияда ұстағаны белгілі болды. Марқұмдардың қызы да күдікті ретінде танылды. 

Кейінірек ІІМ баспасөз қызметі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады:

  • 99-баптың 2-бөлігі 1 және 13-тармақтары - "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру";
  • 188-баптың 2-бөлігі - "Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған ұрлық";
  • 190-бап - "Алаяқтық".

Сот отырысы

2026 жылы 18 мамырда атышулы іс бойынша сот отырысы басталды. Сот отырысы барысында прокурор Мирас Бауыржанов айыптау актісін оқыды. Басты сот талқылауы 28 мамырға тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget