- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жаңбыр астында аяқ...
Жаңбыр астында аяқ киім суланып қалса, денсаулыққа қалай әсер етеді?
Жаңбыр астында қалып қойғанда, кейбір аяқ киімнің ішіне су кіріп, ыңғайсыздық тудырады. Бұл оған қоса саңырауқұлақ инфекциясы секілді кейбір аурулардың пайда болу себебіне айналуы мүмкін. Бұл туралы терапевт Екатерина Терентьева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасап.
"Егер дымқыл аяқ киімді ұзақ уақыт бойы киіп жүріп қалсаңыз, атлетикалық аяқ немесе онихомикоз (тырнақтың саңырауқұлақ инфекциясы) сияқты саңырауқұлақ инфекциясы пайда болуы мүмкін. Сондықтан, аяғыңыз қызарып, қышып, қабыршақтанатын болса, бірден дәрігерге қаралу ұсынылады", - деді терапевт.
Сонымен қатар, оның айтуынша, су аяқ киімде ұзақ уақыт жүрсеңіз ағзаға суық өтіп, ЖРВИ даму қаупін арттырады.
"Аяғыңызды су өту мен ылғалдан жақсы қорғайтын ыңғайлы аяқ киім таңдап, киюге тырысыңыз. Егер аяқ киіміңіздің ішіне су кіріп кетсе, аяқты мүмкіндігінше тезірек кептіріп, шұлық пен аяқ киімді құрғағына ауыстыру керек. Ыстық душ немесе сусын сізге жылынуға және әл-ауқатыңызды жақсартуға көмектеседі, бірақ бұл ауру дамуының алдын ала алмайды", - деді Екатерина Терентьева.
Айта кетейік, бұған дейін дымқыл аяқ киімді дұрыс кептіру әдісі хабарланған болатын.
Дымқыл аяқ киімді пешке, батареяға қойып кептірмейді. Ішіне қағаз толтырып, жылы жерге қойса болғаны, қағаз дымқылды сорып алады. Тек қағазды жиірек ауыстырып тұру керек.
Кепкен аяқ киімді кастор майы, өсімдік майы, глицерин, вазелин дереу жібітеді. Ұзақ уақыт киіс көрмей, кеуіп қалған аяқкиімді майсана майымен (касторовое масло) әбден ысқылап сүртіп, май сіңгенше қою керек.
Аяқ киім құрғап тарылып кетсе, оның іші мен сыртын иіссумен шылайды. Аяқ киім бірден созылады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Оқушылар көктемгі каникулда неше күн демалады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә