Дымқыл аяқ киімді дұрыс кептіру әдісі

Дымқыл аяқ киімді дұрыс кептіру әдісі
Фото: pinterest.com

Қазіргі ауа райы түсініксіз. Бірде жауын, бірде қар, жер дымқыл тартып жатыр. Осы уақытта аяқ киімге су кірсе, кейбіріміз дымқыл аяқ киімді пеш үстіне қоюға асықпыз. Алайда бұл әдіс аяқ киімді тез тозыдыратынын білесіз бе? Олай болса, аяқ киім кептірудің тиімді жолын ұсынамыз.

Дымқыл аяқ киімді пешке, батареяға қойып кептірмейді. Ішіне қағаз толтырып, жылы жерге қойса болғаны, қағаз дымқылды сорып алады. Тек қағазды жиірек ауыстырып тұру керек.

Кепкен аяқ киімді кастор майы, өсімдік майы, глицерин, вазелин дереу жібітеді. Ұзақ уақыт киіс көрмей, кеуіп қалған аяқкиімді майсана майымен (касторовое масло) әбден ысқылап сүртіп, май сіңгенше қою керек.

Аяқ киім құрғап тарылып кетсе, оның іші мен сыртын иіссумен шылайды. Аяқ киім бірден созылады.

Әбден кеуіп, қатып қалған спорттық аяқ киімді жылы суға салып жібітеді. Сосын оның іші-сыртын тазалап, глицеринмен майлайды да, газетпен нығыздап қояды.

Г. Берік