Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың І отырысында құрылтайдың жұмысын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды, - деп хабарлайды "Массагет" Ақордаға сілтеме жасап.
Президент оның құрамында 117 адам бар екенін және оған барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдері қатысып отырғанын айтты.
"Біз көпті көрген ел ағаларының ақыл-кеңесіне жүгінеміз. Белсенді азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесін ескереміз. Жаңаша ойлайтын жастардың тың идеяларын қолдаймыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салайық, Ұлытауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың І отырысы ұйымдастырылды. Бұған дейін Президент "Қазақстан" атауындағы "-стан" тіркесіне қатысты пікір білдірген еді.