Жаңа жылды тойлау кезінде тым көп тамақ ішіп, енді іш қату немесе диареядан зардап шегіп жүрсіз бе? Мұның себебі дастархандағы түрлі зиян тағамдар мен алкогольдің әсерінен болуы мүмкін. Гастроэнтеролог Винсент Хо диарея мен іш қатудан құтылуға көмектесетін жолдарын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter-ге сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, алкоголь тағамның ішек арқылы өтуін тездетеді, бұл өз кезегінде диареяның себебі болуы ықтимал. Мұндай жанама әсерді әсіресе сыра мен шарап секілді құрамында қанты көп алкогольді сусындар тудырады.
Ал арақ немесе виски, керісінше, ас қорытуды баяулатып, іш қатуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Егер жаңажылдық отырыстан кейін диареядан зардап шегіп жүрген болсаңыз, бас жазу үшін тағы алкоголь ішуден мүлде аулақ болыңыз. Сондай-ақ, таңертеңнен кофе ішу де қате идея. Ең дұрысы алкоголь ішкен күні ұйықтар алдында су ішіп жатыңыз. Түнде шамаңыз болмай, су ішпесеңіз оянғаннан кейін бірден жылы су ішіңіз. Адам ағзасы үшін судың жеткілікті мөлшері өте маңызды.
Сонымен қатар, мамандар ішек қайта дұрыс жұмыс істеуі үшін мерекелік дастарханнан кейін ақуыз бен талшыққа бай тағамдарды тұтынған жөн екенін еске салды.
Әдетте, іш қату немесе диарея секілді ішек мәселелері мерекеден кейін қысқа мерзімде өздігінен өтеді. Алайда, мұндай жағымсыз әсер ұзақ уақыт бойы өтпесе, дәрігер кеңесін алғаныңыз абзал.
Айта кетейік, бұған дейін нутрициолог жаңажылдық салаттарды қанша уақыт сақтауға болатынын айтқан еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: Мәһірге не сұрауға болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!