"Жаман нәрсені сезеді". Жұлдызнамасы бойынша кімдер жақсы интуицияға ие?

"Жаман нәрсені сезеді". Жұлдызнамасы бойынша кімдер жақсы интуицияға ие?
Фото: pixabay.com

Өмірімізде сан алуан жағдайлар болып тұрады. Кей кезде белгілі бір мәселенің шешімін таба алмай жүреміз. Сондай кезеңдерде бізге үнемі интуиция көмекке келеді. Ал ішкі дауысты ести білу әркімнің қолынан келе бермейді. Астрологтар әр жұлдызнама белгісі өкілдерінің өздеріне тән ерекшеліктері мен қасиеттері бар екенін айтады. Ендеше, қай жұлдызнама белгісі өкілдерінің интуициясы жақсы дамыған?

Көпшілік астролог су стихиясына жататын жұлдызнама белгілері өкілдерінің интуициясы жақсы дамығанын айтады. Оларға Шаян, Сарышаян және Балықтар жатады.

Шаян

Шаяндар өзінің жақындарын қатты жақсы көреді. Оларды қорғай алу үшін Шаяндар ішкі интуициясын тыңдап үйренеді. Шаяндардан жиі адал достар шығады: оларға әрдайым сенуге болады. Олардың аузынан "мен солай сезіп тұрмын" дегенді жиі естуге болады. Шаяндар басқалардың эмоциялары мен әрекеттерін жақсы түсінеді және ешқашан қателеспейді. Олардың айналасына жиі сенімді әрі адал адамдар жиналады.

Сарышаян

Сарышаяндар - күшті мінезге ие. Бір қарағанда олар қатты көрінуі мүмкін, алайда олардың жан-дүниесі сезімтал. Сарышаяндар жолында кездескен адамдарды өте жақсы таниды. Сарышаянға жағдайды ойластыруға уақыт керек, сондай-ақ олар қажет сәтті күтеді. Содан соң интуициясына сүйеніп, әрекет ету керек кезді дәл табады. Сарышаяндар оларға берілген мүмкіндіктерді сирек жіберіп алады. Сондай-ақ бұл жұлдызнама белгісінің өкілдері айналасындағы адамдарға оңайлықпен сенбейді. Сол үшін де өздерін сатып кетпес үшін басқалардың әрекетіне ұзақ уақыт бойы анализ жасайды.

Балықтар

Интуитивті жұлдызнама белгілерінің бірі - Балықтар. Бұл жұлдызнама белгісінің өкілдері - өте шығармашыл адамдар. Олар әдемі дүниенің бәрін жақсы көреді. Олардың сезімталдығы түсінде қажет жауаптар алуға және жағымсыздықты, жаман нәрселерді алдын ала сезуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Жұлдызнамасы бойынша ең ақылды адамдар кімдер?

А. Жапатова