Бүгін Мәжіліс жаңа Конституция қабылдануына байланысты рақымшылық туралы заң жобасын талқылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талқылау барысында депутат Ринат Зайыт әріптестеріне тосын өтініш білдірді.
"Осы жерде отырған барлық әріптесіме өтінішім. Құрметті әріптестер, жалғыз сұрайтыным, бізде бір өкінішті жағдай бар. Әлеуметтік желіде пікір жазғаны үшін сотталып жатқан адамдар бар. Осы жердегі барлық әріптесімнен жалынып тұрып сұраймын, осы мәселеге, әсіресе, 274-баппен жауапқа тартылған адамдарға рақымшылық жасауға бір ықпал етуге ат салысыңыздаршы Құдай үшін", – деді депутат.
Айта кетейік, Қазақстанда 16 мыңнан аса адамды қамтитын және ескі әкімшілік айыппұлдардың бір бөлігін есептен шығаруға мүмкіндік беретін ауқымды рақымшылық жасауға дайындық жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін кімдерге рақымшылық жасалмайтыны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!