- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Жалынды". Динара Әлжан...
"Жалынды". Динара Әлжан бірінші күйеуімен неге ажырасқанын айтты
Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы Динара Әлжан бірінші күйеуімен қалай айырылысқанын айтты. Ол "Қыздар-ай" бағдарламасында жан сырын ақтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, отбасындағы түсініспеушілікке артық салмақ әсер еткен.
"Көтеріп қалған кезде семіріп кеттім. 110 келі болдым. Онымен танысқан кезде 50 келі едім. Грек жаңғағын келілеп жейтін едім, апельсин, ұн тағамдары, аузыма тыным болмайтын еді. Бөксем, ішім үлкен болды. Су көп ішетінмін. Бірақ үй шаруасын істейтінмін. Қазақ үй болды. Даланы да, ішті де, екіқабат (үй - еск.) болды. Бітпейтін шаруа. Ата-енеңді күтіп аласың, қайын інім бар. Бірге тұрдық. Ата-енем - тамаша кісілер. Жолдасым ерке бала болды, үйдің үлкені, оның үстіне еркесі. Інісі болды. Отбасының бәрі тамаша, тек өзімен (мәселе болды - еск.). Ол сұлулығыма ғашық болды, содан кейін бірден семіріп кеттім. Ол "семіріп кеттің, сенімен ұят қонаққа баруға" деп айта бастады. "Мұндайға шыдай алмаймын" деп өзіме сөз бердім. Өйткені соның баласын көтеріп жүрмін. Қайын атама "туғаннан кейін ажырасамын" дедім", - деп еске алды ол.
Динара Әлжан босанғаннан кейін өз-өзін қолға алып, арықтай бастағанын жеткізді.
"Қырқынан шығарып алдым (баланы - еск.). Үйді күнде жылтырлатып, мүлде жатқан жоқпын. Қырық күнде 45 келіге дейін арықтадым. Ап-арық болып кеттім. Оған дәлелдегім келді. Жалынды (күйеуі - еск.) "кешірші мені" деп. Кешіре алмадым. Баласын көтердім, демек баласын да жақсы көрмейді, мені де сыйламағандық деп ойлаймын. "Ауруханаға апарып тасташы" десем, апармайды. Жаяу барамын. Келбетіме ғана ғашық болған. Содан кейін өзім көтеріле бастадым. "Мен 110 келі болғанда жақсы көрген жоқсың. Өзімді қолға алған кезде жақсы көріп тұрсың" дедім. Аяғым ауыр кезде қол көтеріп жүрді", - деп еске алды ол.
Оның сөзінше, ажырасқанына 7 жыл өткеннен кейін тоқал болған.
Айта кетейік, бұған дейін Болат Назарбаевтың тоқалы онымен алғаш кездескен сәтін мәлімдеген еді.
"2016-да ол кісімен таныстық. Келесі күні таңертең 8-де кел деді. Ол кезде жасым 27-де. Маған бірден 15 сотық жерімен 362 шаршы метр үй сыйлады. Осыдан кейін 1 аптадан кейін некемізді қидық", - деген болатын Динара Әлжан Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Болат Назарбаевтың бұрынғы тоқалы одан алған қымбат сыйлықтарын айтқаны хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова