Мобильді аударымдарға шектеу қойылғанда туыстар мен достарға ақша аударуға бола ма? Бұл сұраққа ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жеке тұлғалар бұрынғыдай өздерінің жеке мақсаттары үшін: туыстарына, достарына, ата-аналарына, балаларына және басқа да өмірлік жағдайларға байланысты мобилді аударымдар жасай және қабылдай алады. Бұған қатысты ешқандай шектеу жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін мобильді аударымды шектеу кәсіпкерлердің табысын жасыруына алып келуі қаншалық мүмкін екені хабарланған болатын.
ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратына сәйкес, қазір салықтық міндеттемелерді адал орындау әлдеқайда тиімдірек.
"Бүгінде бизнес жүргізуге және оны дамытуға қолайлы жағдай жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді - салық мөлшерлемелері қызмет түріне байланысты тек 1-4 пайызды ғана дейін. Егер мұндай жағдайда кәсіпкер мобилді аударымдар қабылдаса, онда ол қазірдің өзінде "көлеңкеде" қалып, салық бақылауына түседі. Бұл ретте мобилді аударымдарды тексеру адал салық төлеушілерге әсер етпейді.
Осылайша, әділдік және міндетті салық салу принциптері жүзеге асырылады. Яғни, барлық салық төлеушілер тең болуы және алынған табыстан салық төлеуі тиіс", - делінген хабарламада.
Тағы да оқи отырыңыздар: Шашқа жабысқан сағызды қалай алып тастауға болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!