- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жалған медициналық құжат,...
Жалған медициналық құжат, мерзімі өткен өнім: Ақтауда дәрігерлердің жаппай улануына қатысты жаңа дерек шықты
Ақтауда дәрігерлердің ісіне қатысты жаңа дерек шықты. Олар ауызашар дастарқанындағы астан жаппай уланған еді. Бүгін бұл іс бойынша тергеу қорытындысы шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
20 сәуірде Маңғыстау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаров уланған дәрігерлердің жағдайы тұрақты екенін айтты. Дәрігерлер уланған мейрамхананы тексеру барысында бірқатар заң бұзылғаны анықталды: 20 қызметкерде жалған медициналық кітапшалар болған, асханадан 220 келі жарамдылық мерзімі өткен өнім табылған.
"Жоспардан тыс санитарлық-эпидемиологиялық тексеру және адам денсаулығына зиян келтірген іс-әрекет нәтижесінде анықталған санитарлық талаптардың өрескел бұзылғаны үшін қылмыстық жазаланатын әрекетті анықтау мақсатында Ақтау полиция бөліміне хат жолданды", - деді Шаров брифингте.
Ол тамақтан уланудың алдын алу үшін гигиеналық ережелер мен тағамды дұрыс сақтау талаптарын орындау керегін атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін Ақтаулық дәрігерлердің ауызашар дастарқанындағы астан жаппай уланғаны хабарланған еді. Кейін бұл іс бойынша тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек