Ақтаулық дәрігерлер ауызашар дастарқанындағы астан жаппай уланды

Ақтаулық дәрігерлер ауызашар дастарқанындағы астан жаппай уланды

Ақтауда дәрігерлер астан жаппай уланып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінен барлығы 50 дәрігер шақырылған.

Пульмонолог дәрігер Индира Атажанованың сөзінше, олар Ақтаудағы мейрамханалардың бірінде ауызашарда болған. Содан ауырып, жұқпалы аурулар ауруханасына түсіпті. Басқа науқастардың жағдайы әртүрлі, жеңіл, орташа. Кейбіреулері үйлерінде өз бетінше ем-дом қабылдап жатыр.

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанованың айтуынша, ауруханаға 16 адам улану белгілеріне шағымданған. Оның ішінде 6 адам амбулаторлық емге жіберілген, ал 10 адам жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған.

Қазір дәрігерлер әріптестеріне қажет емдеу шараларын жүргізіп жатыр. Соның нәтижесінде науқастардың жағдайы тұрақталып келеді.

Сая Мәжитқызы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы