“Жақсы дәстүр, алайда...“ - министрлік мұғалімдерге гүл беруге қатысты

Оқу-ағарту министрлігі 1 қыркүйек қарсаңында үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау - жақсы дәстүр. Алайда ол міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауға тиіс. Ең бастысы - гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек. Білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауға, ақша жинауды ұйымдастырмауға және мұны ата-аналарға міндеттемеуге тиіс", - деп жазылған хабарламада.

Министрлік негізгі мақсат мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу екенін мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін 1 қыркүйекте мектеп аумағында мұғалімдерге гүл және өзге де сыйлықтар беруге болмайтыны хабарланды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова айтты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!