- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Италиядан келген басшы...
Италиядан келген басшы митингке шыққан жұмысшылармен не туралы сөйлескені белгілі болды
KKC-Sicim компаниясының жұмысшылары басшылықтың ұсынысын қабылдамады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға орнында жүрген "Уральская неделя" басылымының журналисі Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли митингке шыққан жұмысшылармен кездескенін хабарлады.
Роделли жұмысшылардың талабын тыңдап шыққан. Жұмысшылар бір ғана талап қойғанын - жалақысын 50 пайызға көтеруді сұрайтынын айтқан.
Компания басшысы бүгін облыс әкімімен кездесетінін, артынша келіп, нақты жауабын айтатынын жеткізген.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында мыңға жуық жұмысшының ереуілге шыққанына бүгін төртінші күн. Бүгін компанияның бас директоры Джузеппе Роделли 19 қаңтарға қараған түні Италиядан ұшып келгені хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина