БҚО-дағы жұмысшылар митингі: Италиядан компания басшысы келді

БҚО-дағы жұмысшылар митингі: Италиядан компания басшысы келді
Фото: "Мой ГОРОД"

Батыс Қазақстан облысындағы ККС-Sicim компаниясының басшылығы 19 қаңтарға қараған түні облысқа келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін, 19 қаңтарда жалақы көтеруді талап еткен жұмысшылар төртінші күн митингке шықты. Жұмысшылар талап қойып, 16 қаңтарда ереуілге шыққан болатын. Компания жұмысшыларының тек бір талабы бар - олар жалақыны 50 пайызға көтеруді сұрап отыр. Алайда компания өкілдері бұл мүмкін емес екенін айтқан болатын.  

Ереуілге шыққан жұмысшылар талабы орындалмайынша тарамайтынын жеткізген болатын. "Мой ГОРОД" мәліметінше, ККС-Sicim компаниясының бас директоры Джузеппе Роделли Италиядан Оралға 19 қаңтарға қараған түні ұшып келген. 

19 қаңтардағы жағдай бойынша, митинг әлі жалғасып жатыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина