Италияда көз жұмған қазақстандық студенттің қазасына қатысты жаңа мәлімет белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Diemmecom Società мәліметінше, марқұмның сүйегі Италияның оңтүстігіндегі Вибо-Валентия провинциясында, Бриатико коммунасы жағалауынан табылған.
Студент таңертең жағалаудағы жартастар арасынан байқалған.
"Қаза тапқан адамның сырт келбеті еуропалыққа ұқсас, жасы 20 мен 30-дың аралығындағы ер адам болып шықты, оның кім екені әзірге анықталған жоқ. Оның шашы ұзын болғандықтан, құтқарушылар жаңылысып, бастапқыда әйел деп ойлаған", - деп жазды басылым.
Мамандардың алдын ала тұжырымына сәйкес марқұм сүйегі табылғанға дейін шамамен он бес сағат бұрын жан тапсырған болуы мүмкін. Алғашқы тексеріс кезінде сарапшылар жарақат іздерін таппаған.
Өлімнің себебі суға бату болуы мүмкін. Дегенмен түпкілікті қорытынды барлық сараптама мен тергеу аяқталғаннан кейін шығады.
Сондай-ақ, қаза тапқан адамның жанынан ұялы телефон табылған. Маңайдағы жартастардан белге тағатын сөмке мен кейбір киім-кешектері бар пакет те анықталған.
Құқық қорғау органдары қаза тапқан адам кім екенін анықтап, оқиғаның мән-жайын зерттеп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Италияда қазақстандық студент қаза тапқаны, ол Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі болғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!