Италияда қазақстандық студент қаза тапты. Ол Орал қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі болған. Қаралы хабар әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, марқұмның туыстары оның сүйегін елге жеткізу кезінде қиындықтарға тап болған. Жазбада шығынның жалпы сомасы шамамен 8000 еуро болатыны айтылған.
Сыртқы істер министрлігі қаза тапқан азаматтың жақындары мен туыстарына көңіл айтып, дипломаттар қолдау көрсетіп жатқанын мәлімдеді.
"Сыртқы істер министрлігі марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Қазақстанның Италиядағы елшілігі мен Италияның құзыретті органдары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен байланыста болып, консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова