- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ирина Кайратовна" Еуропаға...
"Ирина Кайратовна" Еуропаға турын марқұм мобилографтың құрметіне өткізеді
"Ирина Кайратовна" тобы Астанадағы концерті кезінде кенеттен қайтыс болған мобилографтың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Топ марқұмның отбасына барынша қолдау, көмек беретінін жазды.
"Құрметті достар және "Ирина Кайратовна" жанкүйерлері! Астана қаласындағы концертте мобилограф, 21 жастағы Шахназ Жылқайдаровтың кенеттен өмірден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Осыған байланысты Астанада 2023 жылдың 14-15 қазанына жоспарланған концерттер өткізілмейді. Шахназдың отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақпыз, шын жүректен қайғыра көңіл айтамыз. ИК командасы Шахназдың отбасына барынша қолдау, көмек көрсетеді", - делінген хабарламада.
Әртістер әріптесінің не себепті көз жұмғанын құзырлы органдар анықтап жатқанын айтып, жанкүйерлерінен кешірім де сұрады және алдағы Еуропаға турды Шахназдың құрметіне өткізетінін хабарлады.
"Қазіргі таңда біз досымыз бен әріптесіміздің не себептен көз жұмғанын айта алмаймыз. Бұл туралы құзырлы органдардан ресми түсініктемелер күтіп отырмыз. Біздің тарапымыздан тигізілген қолайсыздар үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұраймыз. Сіздердің қызығушылықтарыңыз бен қолдауларыңыз біз үшін әрқашан маңызды. Алдағы Еуропаға турымызды Шахназдың құрметіне өткізгелі отырмыз", - деп мәлімдеді "Ирина Кайратовна" командасы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, "Ирина Кайратовна" тобының мобилографы сенбі күні Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Жас жігіт топ сахнаға шықпас бұрын көрермендердің көңілін көтеріп тұрған диджейді видеоға түсіріп жатқанда есінен танып құлап қалған. Сахнадағы жігітке адамдар жүгіріп келіп, оны сыртқа шығара бастаған. Шамамен 30 минуттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады. Концерт тоқтатылды.
Желіде "Ирина Кайратовнаның" концертінде қайтыс болған мобилографтың соңғы видеосы тарады.
Кейінірек дәрігерлер жас жігіттің өліміне қатысты алғаш рет түсінік берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан