- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Инфаркттің күтпеген белгілері...
Инфаркттің күтпеген белгілері аталды
Жөтел, жүрек айну және тершеңдік миокард инфарктісінің белгілері болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Gazeta.ru-ге сілтеме жасап.
Миокард инфарктісі (жүрек талмасы) жүректі қоректендіретін артерияның толықтай немесе ішінара бұғатталуынан пайда болады. Оның туындау себебіне қант диабеті, гипертония, дұрыс емес өмір салты, күйзелістер және ұзақ уақыт бойы эмоционалды тұрғыда қатты шаршау жатады. Инфарктке көбіне 40 жастан асқан ер адамдар және етеккір үзілісі кезеңіндегі әйелдер шалдығады.
Жүрек талмасы әдетте кеуде тұсының ауыруы, бас айналу және ауа жетпей жатырғандай сезіммен қатар жүреді. Алайда бұл жағдай жайлы жөтел секілді айқын емес белгілер де айта алады. Жүрек қанды толыққанды айналдыра алмағандықтан, өкпеде қан тұрып қалғаннан "жүрек" жөтелі пайда болады.
Инфаркт жайлы тершеңдік те айтады. Ол кенеттен және еш себепсіз пайда болады.
Келесі қауіпті белгінің бірі – құсумен және іштің жоғарғы жағының ауыруымен бірге жүретін жүрек айну.
Қан қысымы мен холестерин деңгейін үнемі бақылауда ұстау және тексеріп тұру жүрек талмасы қаупін азайтуға көмектеседі. Қандағы холестерин деңгейінің көп болуы қан тамырлардың ішіне май қыртыстарының жиналуына әкелуі мүмкін. Осы қыртыстар артқан кезде қанның артерия бойымен жүруі қиындай түседі. Кей жағдайларда мұндай түйіншектер кенеттен қан тымарлар қабырғасынан бөлініп, артериядағы қанайналымды бұғаттауы мүмкін. Бұл инфарктке немесе инсультке әкелуі мүмкін.
Оқи отырыңыз: Инсульт қаупін арттыратын факторлар
А. Жапатова