Иен далада жалғыз жүрген 4 жасар баланың ата-анасы табылды

Иен далада жалғыз жүрген 4 жасар баланың ата-анасы табылды
Фото: Видео кадры

Жетісу облысында машинист иен далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқап, пойызды тоқтатқан. Көліктегі полиция департаменті өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жағдай 20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек - Үштөбе учаскесінің Тауарасы - Айнабұлақ аралығында болған. Жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз өзі бағыт алған төрт жасар баланы көріп қалған. Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына отырғызып алған. Ол бұл туралы пойыз диспетчеріне хабарлаған.

Кейін бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылған.

Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, баланың ата-анасы табылған. Оның анасына кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget