Жетісу облысында пойыз машинисі далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"ҚТЖ" мәліметінше, 20 қыркүйекте сағат 12:30-да Сарыөзек - Үштөбе учаскесінің Тауарасы - Айнабұлақ аралығында жүк пойызының машинисі теміржол төсемі жанынан Айнабұлақ станциясына жалғыз өзі бағыт алған төрт жасар баланы көріп қалған.
Машинист қызметтік тежеуді қолданып, пойызды тоқтатып, баланы локомотив кабинасына отырғызып алған. Ол бұл туралы пойыз диспетчеріне хабарлаған.
Бала Айнабұлақ станциясының кезекшісіне тапсырылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова