- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Хостелдің ашылғанына 1,5...
"Хостелдің ашылғанына 1,5 ай ғана болған". Алматы ТЖД басшысы оқиғаға қатысты пікір білдірді
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматы бойынша 300 жатақханаға өрталды қауіпсіздікке қатысты ақпарат таратылды. Өрт қауіпсіздігіне қатысты бұзушылықтар анықталды. Бұл хостел бар болғаны 1,5 ай ғана жұмыс істеді. Тағайындалмаған жертөлені жатақханаға айналдыруға тыйым салынады. Автоматты дабыл бар, ол жұмыс істеді. Мен бастапқы өрт сөндіру құралдарын көрмедім", - деді ол.
Фото: Massaget.kz
Еске салайық, бұған дейін 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек