Заманауи адамдардың қарбалас өмірі дұрыс тамақтануға ықпал етпейді. Таңертең жұмысқа асығып келе жатып кофе ішеді, түскі аста бар нәрсені жей салады, ал кешкі ас кезінде майлы әрі зиян тамақ жегенді жөн көреді. Бұдан кейін анализдер қандағы жоғары холестерин деңгейін көрсетсе таңғалмаңыз. Егер адам дәрігерге қаралып, анализдер тапсырса жақсы. Себебі ол қаралмаса, өзінің проблемасы жайлы білмеуі де мүмкін. Жоғары холестериннің алдын алудың ең қарапайым әдісі – дұрыс азық-түліктер жеу және спортпен айалысу. Холестерин деңгейі қалыпты болу үшін рационға қандай өнімдер қосу керек?
Бұршақтылар
Бұршақ, үрмебұршақ, нұт секілді өнімдерде ақуыз бен тағамдық талшықтар (ерігіш жасұнық) көп. Жасұнық холестерин бөлшектерімен байланысып, оны қанға түскенге дейін ағзадан шығарады.
Саңырауқұлақ
Саңырауқұлақты көпшілік адам жеуге қорқады. Себебі одан уланып қалу қаупі жоғары. Бірақ егер барлық ережені сақтасаңыз және оған қарсы көрсетілім болмаса, саңырауқұлақтың денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Саңырауқұлақтар жаман холестерин деңгейін түсіруге және жақсы холестеринді арттыруға көмектеседі.
Қараөрік
Тәтті жегенді жақсы көресіз бе? Тіскебасар ретінде қараөрік жеп көріңіз. Бұл өнімде де пайдалы ерігіш жасұнық көп. Оған қоса, құрамының арқасында қараөрік жаман және жақсы холестерин арасындағы тепе-теңдікті реттеуге көмектеседі.
Сарымсақ
Бұл өнім кез келген асүйде бар. Ол тамаққа ерекше дәм беріп қана қоймай, қан тамырларды жақсы қатайтады және холестерин деңгейін түсіреді. Себебі сарымсақта аллицин бар. Осы қосылыс жаман холестеринмен күрсеуге мүмкіндік береді.
Сардина
Сардина немесе скумбрияда омега-3 майлы қышқылдары бар. Мұндай балық консервілері жоғары холестеринмен күресетін жақсы өнім бола алады.
Алма
Ең қолжетімді жемістердің бірі – алма. Ол құрамындағы ерігіш жасұнықтың арқасында холестерин деңгейін түсіреуге көмектеседі. Сондай-ақ алма жүрек саулығын қатайтуға, қан қысымын түсіруге және қабынуды азайтуға көмектесетін полифенолдарға бай.
Оқи отырыңыз: Сізде холестерин жоғары екенін көрсететін 3 белгі