Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды

Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы прокуратурасы мәліметінше, 21 шілдеде Хасан Қасымбаевқа және басқа да күдіктілерге қатысты іс ведомствоға айыптау актісімен түскен.

"Облыс прокуратурасы 29 шілдеде айыптау актісін бекітті және істі мәні бойынша қарау үшін Талғар аудандық сотына жіберді", - деді облыс прокуратурасы өкілі.

Хасан Қасымбаев туралы не белгілі?

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.

Еске салайық, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды. 

Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші, яғни ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені жазылған. Оның туыстарының сөзінше, ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп, артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.

2025 жылы 21 сәуірде Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!