Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды

Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды
Фото: Ашық дереккөз

Құқық қорғау органдары Хасан Қасымбаевқа қатысты тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Алматы облыстық Полиция департаменті растады. 

"Тергеу аяқталды", – деді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Хасан Қасымбаев туралы не белгілі?

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.

Еске салайық, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды. 

Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші, яғни ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені жазылған. Оның туыстарының сөзінше, ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп, артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget