Хасан Қасымбаев жазасын жеңілдетуді сұрап отыр

Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымы түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл ақпарат Сот кабинеті сайтында пайда болды. Портал мәліметінше, іс судьяға бүгін, яғни 2026 жылғы 13 қаңтарда берілген.

Осылайша тараптар үкімге шағымдануға ниетті.

Хасан Қасымбаев туралы не белгілі?

Хасан Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты істен кейін жиі айтыла бастады.

Еске салайық, бұған дейін Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінгені хабарланды. 

Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші, яғни ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов екені жазылған. Оның туыстарының сөзінше, ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп, артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталды. Кейін екі айға қамауға алынды.

2025 жылы 21 сәуірде Хасан Қасымбаевқа қатысты істі тергеу аяқталды. 

2025 жылы 29 шілдеде Хасан Қасымбаевтың ісі сотқа жолданды. 

Сотта прокурор Ерлан Құланбаев адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (жәбірленуші - ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов) және бопсалау (жәбірленуші - Әріпжан Тәжиев) істері бойынша егжей-тегжейлі айыптау актісін оқыды.

Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!