- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хаменоваға қатысты сот...
Хаменоваға қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды
Фото:
AtyrauPress
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот үкімі қашан шығатыны белгілі болды, - деп хабарлайды AtyrauPress.
14 қарашада айыпталушылар соттағы соңғы сөздерін сөйледі. Бұл ең қысқа өткен сот отырысы болды. Судья Жұмағали Ташимов сот үкімі 15 қарашада сағат 10:00-де оқылатынын айтты.
Айта кетейік, алдыңғы отырыста мемлекеттік айыптаушы Лаура Асанова Бақытгүл Хаменованың мүлкін тәркілеп, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Айыптаушы тарап облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевті жеті жылға, пара берді деп күдікке ілінген жеке компанияның басшысын төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек