Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға соттауды сұрады

Прокурор Бақытгүл Хаменованы 7 жылға соттауды сұрады
Фото: AtyrauPress

Бүгін, 31 Қазанда Прокурор Лаура Асанова айыптау сөзін оқыды, - деп хабарлайды AtyrauPress.

Прокурор Лаура Асанова облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменоваға мүлкін тәркілей отырып, белгілі бір мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Мерзімді өтеу орташа қауіпсіздік мекемесінде анықталсын. Сондай-ақ, Хаменова "Құрмет" орденінен айырылсын. Хаменованы қамауда ұстау уақытына қарай жаза мерзімі 1,5 күн үшін 1 күн есебінен қамауда ұсталсын. Сотталушыда кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты жазаны үш жылға дейін кейінге қалдыруды сұраймын", - деді прокурор Лаура Асанова. 

Сондай-ақ, прокурор облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке орта қауіпсіздік мекемесінде 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал, пара берді деп күдіктелген Адамовқа орташа қауіпсіздік мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынды.

Айта кетейік, Хаменова, Рысқалиев және Адамовтың ісі бойынша тараптардың жарыссөзі басталған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина