- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Халуа егде жастағы...
Халуа егде жастағы адамдардың денсаулығына қалай әсер етеді? Маман түсіндірді
Халуа құрамында жүрек, ішек саулығын сақтауға және қартаюмен күресуге көмектесетін көптеген дәрумен, минерал және актионксидант бар. Бұл туралы сарапшы Ирина Лялина мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасап.
Сарапшы халуа әйелдер мен қарт адамдарға таптырмас тәтті екенін түсіндірді. Оның құрамында ішек саулығын сақтауға көмектесетін талшықтар, жүректің жұмысын жақсарту үшін май қышқылдары және ішкі қабынумен күресу үшін антиоксидант көп.
Сонымен қатар, күнбағыс халуасында кездесетін Е дәрумені ағзадағы қартаю процестерін бәсеңдетуге көмектесетін көрінеді.
Биолог халуаның әр түрінің пайдалы қасиеті әртүрлі екенін жеткізді. Оның сөзінше, жержаңғақ халуасында кремний көп, ол шеміршекке, сіңірлерге және тістерге қажет, ал зығырдан дайындалған халуа жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына пайдалы.
Ирина Лялина тұқым мен жаңғақтан дайындалған халуа аллергия тудыруы мүмкін екенін ескертті. Сондықтан оны балалар, жүкті әйелдер және аллергиядан зардап шегетіндер халуаны тұтынбағаны абзал. Ал өзге топтағы адамдар халуаны жегенде абай болуы керек, яғни күніне 50 грамнан артық тұтынбаған жөн, өйткені халуа құрамындағы қанттың көп мөлшері артық салмақ, тіс және тері мәселелерін тудырады.
Айта кетейік, бұған дейін салмақ тастау кезінде жеуге болатын тәттілер тізімі хабарланған болатын.
- Мармелад;
- Халуа;
- Қара шоколад;
- Табиғи бал.
Тағы да оқи отырыңыздар: Техногендік апат деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә