Салмақ тастау кезінде жеуге болатын тәттілер

Салмақ тастау кезінде жеуге болатын тәттілер
Фото: produkty-online.ru

Адамдар әдетте салмақ тастауға бел буып, дұрыс тамақтану тәртібіне көшкенде, тәттіден үзілді-кесілді бас тартады. Бірақ бәрібір күні бойы шаршап, бойға стресс жиналғанда ағза глюкозаны талап етеді, тәтті жемістерге қанағаттанбайды. Кәмпит пен торт жеуге болмайды, қажетті дәруменді қайдан аламыз?

Мұндайда сұлыдан және басқа да түрлі дақылдан жасалған печенье, мюсли батончигі, желе, кепкен жемістер (өрік, мейіз) жеуге болады.

Бір мезгіл өзіңізді мармеладпен еркелетсеңіз де болады. Табиғи түрі болса ағзаны токсиндерден тазартып, қандағы холестерин мөлшерін реттейді. Мармеладтың вирусқа қарсы тұратын күші бар екені де дәлелденген. Бірақ барлығы да мөлшерлі болуын қадағалаңыз.

Халуа да пайдалы заттарға бай. Оның құрамында калий, темір, мырыш, протеин, фосфор, мыс, натрий, магний және E, A, B1, B2 дәрумендері бар. Халуа жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, қан айналымы мен зат алмасу үдерісін жақсартады. Диетологтар оны мерзіммен, бірақ аз мөлшерде жеуді ұсынады.

Қара шоколад. Құрамында какаосы 75% және одан да көп болатын шоколад ағзаға пайдалы. Бұл қышқыл да тәтті жеңсік ас қан тамырларына, жүрекке жақсы әсер етеді. Бір бөлігінің өзі ми жұмысын жақсартып, көңіл күйді көтереді.

Табиғи бал ақ қантты алмастыратын бірден бір өнім. Құрамында В тобының дәрумендері, аскорбин қышқылы және көптеген минералдар, микроэлементер бар. Түнде бір қасығын жесеңіз ұйқыңыз тыныш болады. Таңғы аста шайға, ботқаға салсаңыз, ас қорыту жүйесін жақсартады.

@. @assel_assanova