- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалымдар тұзды тағамдардың...
Ғалымдар тұзды тағамдардың күтпеген қаупі туралы ескертті
Тұзды тағамдар ішек микробиомасының құрамын өзгертіп, ауыр аурулардың қаупін арттырады. Гастроэнтеролог Кристофер Дамман мұндай тағамдардың күтпеген қаупі туралы ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "The Conversation" сілтеме жасап.
Маман тұзды тағамдардың ішекке зиян тигізетініне назар аударды, өйткені олар талшықтан өндірілетін пайдалы микробтар мен негізгі метаболиттердің мөлшерін азайтуға қабілетті.
Тұзды тағамды ұнататын адамдарда метаболит жетіспеушілігі бар, бұл өз кезегінде қабынудың даму қаупін арттырады және қан тамырларының серпімділігін төмендетеді, салдарынан жүрек-қан тамырлары жүйесінің қалыпты жұмысына кедергі келтіріп, инфаркт пен инсультке әкеп соқтыруы мүмкін.
Сонымен қатар, гастроэнтерологтың айтуынша, ішек микробиомасының өзгеруіне байланысты нәжістегі натрий деңгейінің жоғарылайды, бірақ бұл қант диабеті, бауырдың майлы дистрофиясы және семіздікпен де байланысты.
Айта кетейік, бұған дейін неліктен тұзды тамақ жегіңіз келе беретіні хабарланған болатын.
Неліктен тұзды тамақ жегіңіз келуі мүмкін екенін және онымен күресу үшін ағзаға қалай көмектесуге болатынын ұсынамыз.
- Ағзаға натрийдің жетіспеуі;
Қатты тұзды тамақ жегіңіз келе беру ағзаңызға натрийдің жетіспейтінін білдіруі мүмкін. Әдетте, бұл элементтің тапшылығы жүктілік немесе тұзсыз диеталар кезінде пайда болады.
- Аддисон ауруы;
- Құрғау;
Бұл жағдай іш өту немесе құсу нәтижесінде кей аурулар фонында дамуы мүмкін. Қарқынды физикалық еңбек немесе спортзалда жаттығу да сусыздануға әкеледі. Бұл ағзадан термен бірге натрийдің көп мөлшері шығуына байланысты.
- Күйзеліс;
Көп тұзды тамақ жеуді қалау ағзаның депрессиямен күресу үшін жүгінетін бір әдісі болуы мүмкін. Бүйрек үсті бездері арқылы кортизон гормоны босайды. Ал ол өз кезегінде артериялық қысымды реттеуге және күйзеліске реакцияға жауап береді.
- Жүктілік.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кіші қажылық пен үлкен қажылықтың айырмашылығы неде?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә