- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ғалым Қазақстан жерінің...
Ғалым Қазақстан жерінің неліктен кең екенін түсіндіріп берді
Тарих ғылымдарының докторы Қанат Өскенбай Қазақстан жері көшпенді ата-бабаларымыздың арқасында кең деп есептейді. "Қазақтар мен қазақ мемлекеті екі мың жыл бұрынғы көшпелі мәдениеттен қалған жалғыз мұра. Бұл аумақ көшпенділердің даласы болған. Моңғолия мен Қазақстан біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтан бастап көшпенділер мәдениеті қалыптасқан екі ұлы аймақ", - деді ғалым Almaty.tv телеарнасына берген сұхбатында. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Оның айтуынша, қазіргі кездегі сияқты орта ғасырдағы Қазақстанның да аумағының кең болуы көшпенділердің өздеріне тиесілі аумақты үнемі кеңейтіп отыруымен байланысты: "Отырықшы мәдениетте өмір сүрген көршілеріміз үшін үлкен аумақтың маңызы болмаған. Өзбек немесе тәжік диханшыларына үлкен аумақтың не қажеті бар? Олар өз үйлерінің маңындағы жерге иелік етіп, сол жерге егін еккен. Ал көшпенділер болса бір жерде мекендемей, өздерінің малдарына азық табу үшін айналасындағы жерлерді алып отырған", - деді Өскенбай.
Тарих ғылымдарының докторы өте үлкен аумаққа иелік етудің көшпенділер мәдениетінің негізі болғанын айтты. "Ақорда, Алтын орда, моңғол империясы болды. Моңғолдарға дейін Қыпшақ хандығын құрған қыпшақтар, Қимақ хандығын құрған қимақтар болды - олардың барлығы қазақтардың ата-бабасы, ал қазіргі қазақтар осылардың арқасына үлкен аумаққа иелік етіп отыр. Бұл кең аймақ Қазақ хандығына көшпенділерден қалған".
Еске сала кетейік, Қазақстан 2 миллион 724,9 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Еліміз жер көлемі жөнінен әлем бойынша тоғызыншы орында, ал ТМД елдерінің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр.