Көшпенділер

Көшпенділер
Фото: phone-kmv.com

"Көшпенділер" фильмінде қазақ халқы туралы, қазақтардың XVIIІ ғасырдағы мемлекеттік санасының қалыптасуы туралы оқиға баяндалады.

"Көшпенділер" фильмінің негізіне 18 ғасырда қазақ жерінде болған нақтылы тарихи оқиғалар-жоңғар жаулаушыларына қарсы қазақтардың азаттық соғысы алынған. Фильмнің негізгі тұлғалары – бізге тарихтан белгілі тұлғалар Әбілқайыр хан, Абылай хан, данышпан Төле би, жоңғарлардың қолбасшысы Қалдан Церен.
Фильмнің басты кейіпкері - Мансұр халықты артына ерткен сарбаз жолындағы бар қиыншылықтардан өтіп, кейін Абылай хан атанады. Сүйген қызы - Гауһар есімді батыр қыздың арқасында адами қасиеттерін де жоғалтпайды.

Фильмнің режиссерлері: Иван Пассер, Сергей Бодров, Талғат Теменов. 2006 жылы жарық көрген туынды тарихи драма жанрында түсірілген.

Н. Айдархан