Forbes ең қымбат компаниялар тізімін жариялады

Forbes ең қымбат компаниялар тізімін жариялады
Фото: macradar.ru

The Forbes журналының сарапшылары әлемдегі ең қымбат брендтер рейтингін жариялады. Басты үш орынды Apple, Microsoft және Google сынды hi-tech-компаниялар алып отыр.

The Forbes журналының ресми сайтының ақпаратына орай, Тим Кук басшылық ететін Apple корпорациясы 145 миллиард АҚШ долларына бағаланып, тізімнің басынан көрінді. Одан кейін Microsoft (жалпы құны $69 миллиард) пен Google ($65,6 миллиард) корпорациялары тізгінді өздеріне алған. Сонымен қатар, өзге де жоғары технология өндірісіндегі компаниялар ТОП-10 тізімінен көрінген. Олар америкалық IBM (49,8 миллиард), оңтүстік корейлік Samsung (37,9 миллиард) және Facebook (36,5 миллиард) компаниялары.

Жалпы танымал журналдың 100 үздік бренді қатарына технология саласындағы 15 компания кірген. Сонымен қатар, BBC мен CNN сынды екі телекоммуникациялық корпорация ене алған. Ал тізімге енбеген өндіріс орталықтарының өткен жылғы табысының сәтті болмағанын білуге болады. Мысалы, Canon брендінің құны 10%-ға, ал Intel компаниясынікі 8%-ға төмендеген. Сонымен қатар, дербес компьютерлерді бағдарламамен қамтумен айналысатын немістің SAP компаниясы 5%-ға арзандаған. Ал Cisco 2% құнын жоғалтып отыр.

Тізімге енген брендтер қатарында тек Facebook компаниясы ғана үлкен өсімге жеткен. Цукерберг құрған желінің жалпы құны соңғы жылда 54%-ға артыпты.

Ұқсас жазбалар: 

iPhone 7 тамыз айында сатылымға шығуы мүмкін

Кез келген оператордың арманы – Lily (видео)

Ж. Өрісбай