iPhone 6s тамыз айында сатылымға шығуы мүмкін

iPhone 6s тамыз айында сатылымға шығуы мүмкін
Фото: sanvfx.net

Минг Чи-Куо есімді сарапшы маман iPhone 7 моделі жайлы ақпарат берді. Оның хабарлауынша, 4,7 және 5,5 дюймді гаджеттер өткен жылдан біраз уақытқа ерте сатылымға шықпақ. Сонымен қатар, жаңа смартфонның 4 дюймді моделін де құрастырылу жоспарланыпты.

Өзінің нақты болжамдарымен аты белгілі сарапшы Macrumors ресурсына жазған блогында өнімдердің техникалық ерекшеліктеріне де тоқталып өтті. KGI Securities-тің маманы Минг Чи-Куоның дерегіне сенсек, жаңа гаджеттер Force Touch технологиясымен қамтамасыз етіледі. Одан бөлек, A9 процессоры мен 12 МП камера сапасымен жабдықталып, жедел жад 2 ГБ-ға ие болмақ. Смартфоның кейбір нұсқаларының экраны жақұтпен безендірілсе, тағы біреулерінің корпусы Apple Watch сағатымен үйлесім таппақ. 

Чи-Куоның айтуынша, жаңа смартфон алдыңғы өнімдерден көп ерекшеленбесе де, белгілі бір деңгейде танымал болады. Сондай-ақ, Apple өткен жылы нарыққа 80 миллион смартфон дайындай алған болса, бұл жылғы мөлшер 10 миллионға көп болмақ. Енді 4,7 дюймді нұсқаға көбірек көңіл бөлінбек. 

Ұқсас жазбалар: 

iPhone смартфонының ең алғашқы жарнамасы қандай болған?

iPhone-ды жылдам қуаттауға арналған бірер кеңес

Ж. Өрісбай