- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Фен немесе сүлгі?...
Фен немесе сүлгі? Дерматолог шаш кептірудің ең қауіпті әдісін атады
"Шаш өзі кебеді" деп фен қолданбаудың салдары жағымсыз болуы мүмкін. Бұл туралы дерматолог Нира Натан мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, шаш табиғи жолмен кепкен кезде оның білігі ісініп, салдарынан шаш сынғыш болады. Маман бұл мәлімдемесіне дәлел ретінде корей клиникалық зерттеу нәтижелерін келтірді.
Нира Натан шаш кептірудің ең тиімді әдісі - фен мен бас арасында 15 сантиметр қашықтық сақтап, ең төмен температурада кептіру екенін түсіндірді.
Сонымен қатар, дерматолог шашты мүлде қысып байлауға, түюге болмайтынын және бассейнге түскен кезде басқа міндетті түрде арнайы қалпақ кию керегін ескертті. Өйткені шашты үнемі қысып байлап немесе түйсе, шаш көп түседі, ал қалпақсыз шомылса, шаш сынғыш болады.
Айта кетейік, бұған дейін зақымдалған шашты қалай емдеуге болатыны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Ғұн әскері қалай ұйымдастырылды?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә