Әйелдер етеккір кезінде сыртқы тітіркендіргіштерге сезімтал болып кетеді. Сондай-ақ өздерін әлсіз сезінуі мүмкін. Александра Ветрова WomanHit-ке етеккір кезіндегі әлсіздікті жеңуге көмектесетін бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Рационды өзгерту
Бұл кезеңде жеген тамағыңыздың ағзаға әсерін бағаламай қоюға болмайды. Маманның айтуынша, кей өнімдер гормондар бөлінуін арттырады. Гормондар циклдің алғашқы күндері тұрақсыз болады.
"Рационға темір мен ақуызға бай өнімдер қосыңыз, себебі дәл осы элементтер етеккір кезінде алғашқылардың бірі болып жоғалады. Ал тұз бен қантты азайтқан дұрыс", - деді дәрігер.
Көбірек ұйықтау
Егер етеккір кезінде ауырсаңыз, ол ұйқыңызға және хал-жағдайыңызға жағымсыз әсер етуі мүмкін. Александра кофеден бас тартып, смартфонға құртатын уақытыңызды қысқартуды ұсынды.
"Шөптерден шай демдеңіз, кітап оқыңыз және миды босаңсытатын нәрселер жасаңыз. Етеккір кезінде ұйықтау, жалпы көбірек демалу өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі", - дейді ол.
Белсенді өмір салтын сақтау
Маманның айтуынша, етеккір қатты келген кезде ғана ағзаны көбірек демалту керек. Бірақ егер жағдайыңыз жақсы болса, жаттығулардан бас тартпаған жөн.
"Йога және пилатеспен айналысуды жалғастыра берсеңіз болады, ал салмақ қосатын жаттығуларды қоя тұрыңыз", - дейді маман.
Оқи отырыңыз: Етеккір кезінде не істеуге болмайды? Дәрігер жауабы