Ақтөбеде қоқыс арасынан табылған бөбекті мамандар сәбилер үйіне өткізуге дайындап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің жағдайы жақсарып келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Қазір сәби қалалық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оған Батыр деген есім қойылған. Себебі дәрігерлер оның өмірге деген құлшынысы мен төзімділігі ерекше екенін айтады.
Ауруханаға түскен кезде салмағы 2 келі 900 грамм болған нәрестенің қазіргі салмағы - 3 келі 120 грамм. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалағанымен, барлық талдауы қалыпқа келіп, салмақ қосып жатқанын айтады.
"Бүгінде қорғаныш бөлімі өкілдерімен және де ішкі істер басқармасы өклідерімен бірлесіп, құжаттары рәсімделіп жатыр. Құжат дайын болғаннан кейін "Үміт" балалар үйіне орналастырылады", - деді Ақтөбе облысы денсаулық сақтау бақармасының бөлім басшысы Әлия Шарбақова.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбеде 11 жастағы оқушы пакетке салынған нәрестені тауып алғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова