Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев депутаттарды сынға алған Бекболат Тілеуханға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әшімбаев ең басты мәселе азаматтардың, халықтың пікірін ескеру керегін атап өтті.
"Халықтың пікірі, осы біздің қала тұрғындарының пікірі ең негізгі фактор. Осындай ұсыныстар бар, осындай пікірлер бар, осындай ойлар бар. Осының бәрін естіп, Мәжілістің депутаттары осындай бастама көтеріп жатыр. Ең басты мәселе халық не дейді, солай болуы керек. Сондықтан бұл жерде ешқандай саяси қойылымдар да емес, сіз айтқан мәселелер емес. Бұл жердегі ең басты мәселе - халықтың пікірін есту, халықтың пікірінің негізінде тиісті шешімдерді қабылдау", - деді ол.
Еске салайық, 7 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауды ұсынған болатын. Желідегілер депутаттар аяқасты ойын өзгерткендеріне наразы болған.
Осыған байланысты Бекболат Тілеухан Instagram желісіндегі парақшасында депутаттарға үн қатты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!